Мұхтар Әуезов атындағы мектепте «Төрт тоқсан - төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында білім алушылардың бойында рухани-адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу, ұлттық ойындар мен дәстүрлерді дәріптеу мақсатында 5-6 сынып оқушылары арасында асық атудан турнир өткізілді.
Асық ату - бұл жай ғана ойын емес, дәлдік пен көшбасшылық қасиеттерді дамытатын, оқушылардың логикалық ойлауына да оң әсер ететін спорт.
Өткір, келіссөзсіз күрес кілемдер үстінде басталды: ойыншылар өздерінің ептілігі мен шеберліктерін көрсетті. Ең епті және тапқыр болып шыққандар:
Нургалиев Саян және Саин Жанель, 5 А сынып оқушылары - 1 орын,
5 А сынып оқушылары Дюсенай Арлан мен Саттарова Салима 2 орын алды,
5 В сынып оқушысы Асылхан Әлім және 5 А сынып оқушысы Рымбек Мейірім 3 орын алды.
Естеріңізге сала кетейік, асық ату қазақ ұлттық ойыны ЮНЕСКО-мен адамзаттың мәдени мұрасының бір бөлігі ретінде танылған. Оған деген қызығушылық қайта жанданады және бұл қуантады!
Мұхтар Әуезов атындағы мектепте «Төрт тоқсан - төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында білім алушылардың бойында рухани-адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу, ұлттық ойындар мен дәстүрлерді дәріптеу мақсатында 5-6 сынып оқушылары арасында асық ат