МҰЗ ҮСТІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ:
▪️Жұқа, бекімеген мұзға шықпаңыз.
▪️Мұздың бөлек бөлігінде топталып тұрмаңыз.
▪️Мұздағы тесіктерге,ойықтарға, жарықтарға жақындамаңыз.
▪️Шанамен, шаңғымен тік жар жағадан жұқа мұзға сырғанамаңыз.
▪️Тыйым салынған жерлерде мұз үстіндегі су айдынынан өтпеңіз.
▪️Қараңғыда және дұрыс көрінбейтін шақта мұзға шықпаңыз.
▪️Өткелден тыс жерде мотоциклдермен, көліктермен мұзға шықпаңыз.
МҰНЫ БІЛУ КЕРЕК:
▪️Тұщы суда қалыңдығы кемінде 10 см. және тұзды суда 15 см. мұз адамдар үшін қауіпсіз болып саналады.
▪️Өзендер мен өзендердің сағаларында мұздың беріктігі әлсіз болады.
▪️Мұз тез ағатын жерлерде, ағынды суларда, сондай-ақ су өсімдіктерінің өсетін аймақтарында, ағаштардың, бұталардың, қамыстың жанында әлсіз болады.
▪️Егер ауа температурасы 0 градустан жоғары болса, үш күннен артық сақталса, мұздың қаттылығы 25% төмендейді.
▪️Мұздың беріктігін көзбен анықтауға болады: көк мұз – берік, ақ мұз – оның беріктігі 2 есе аз, күңгірт ақ немесе сарғыш реңктері бар мұз-сенімсіз болады.
Егер сіз суық суға батып кетсеңіз не істеу керек:
▪️Үрейленбеңіз, кенеттен қимыл жасамаңыз, тыныс алыңыз.
▪️Қолдарыңызды екі жаққа жайып, денеңізге көлденең позиция бере отырып, мұздың шетіне ілінуге тырысыңыз.
▪️Көмекке шақырыңыз: «Суға батып жатырмын!»
▪️Кеудеңізді мұздың шетіне ақырын түсіріп көріңіз және бір аяғыңызды, содан кейін екінші аяғыңызды мұзға лақтырыңыз.
Егер мұздың үстіне шықсаңыз,одан әрі домалап, өзіңіз келген жаққа қарай баяу жорғалаңыз, өйткені келген жақтағы мұздың беріктілігі тексерілген.
▪️Тоқтаусыз ең жақын тұрғын үйге барып, киімді сығып, тек жылы бөлмеде демалыңыз.
▪️Егер сізге көмек қажет болса, біреуден «103»Жедел жәрдем мен «112» құтқарушыларды шақыруын сұраңыз немесе оларды өзіңіз ұялы телефонмен шақырыңыз.
МҰЗ ҮСТІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ: