22 ақпанда интернетте ең көп дауыс жинаған «Әлеуметтік тәрбие: мектеп оқушыларының көзімен» тақырыбындағы үздік қысқаметражды фильмдер көрсетілді. Байқауға Павлодар қаласының 37 мектебінен 45 бейнеролик қатысты. Дауыс беру Bilim Pavlodar You Tube арнасында өтті.
Мұхтар Әуезов атындағы мектептің 8-сынып оқушылары «Ар-ұждан» атты бейнеролик ұсынды. Бейнероликте кейіпкерлердің сыныптастарымен, ұстаздарымен, ата-аналарымен қарым-қатынасы көрсетілді. Бейнероликтер қазылар алқаларының шешімі мен желіде берілген дауыс нәтижелерінің қорытындысы бойынша бағаланып, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары С.А. Гладышева грамотасымен марапатталды.
Балаларды және сынып жетекшісі Шекеева Ардақ Теміргерейқызын тамаша нәтижесімен құттықтаймыз! Сіздерге шығармашылық шабыт, жаңа идеялар мен жеңістер тілейміз!
22 ақпанда интернетте ең көп дауыс жинаған «Әлеуметтік тәрбие: мектеп оқушыларының көзімен» тақырыбындағы үздік қысқаметражды фильмдер көрсетілді. Байқауға Павлодар қаласының 37 мектебінен 45 бейнеролик қатысты. Дауыс беру Bilim Pavlodar You Tube арнасынд