Сенім телефоны
625450
email: Auezova@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ткачев көшесі, 15
8(718)2-62-62-86 Call орталығы
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Наурыз мейрамын мерекелеу қарсаңында «Қайырымдық» акциясы аясында мектеп оқушылары, Мұхтар Әуезов атындағы үйсіз жануарларға арналған «Павлодар жүрегі» баспанасына барды.
16-03-2024 09:05

Төрт аяқты достар үшін балалар азық-түлік, дәрі-дәрмек және қажетті тұрмыстық керек-жарақтарды әкелді. Бірақ иттерге арналған ең жақсы сыйлық серуендеу болды.

Айта кетейік, баспана қызметкерлері қаңғыбас жануарларға үй мен сүйіспеншілікке толы иелер табуға көмектеседі. Әзірше оларға өздері үлкен қамқорлықпен және жауапкершілікпен жағдай жасайды.

Оқушылар панажайда үй жануарларымен жақынырақ танысты. Олардың әрқайсысының өзіндік қиын өмірлік тарихы бар, оның артында бұрынғы ит пен мысық иелерінің жансыздығы мен қатыгездігі жатыр.

Мектеп оқушылары айналасындағылардың барлығын біздің кішкентай бауырларымызға бей-жай қарамауға, үнемі қамқорлық көрсетуге және ешқашан өз еркімен тастамауға шақырады!
«Біз қолға үйретілгендер үшін жауаптымыз»!