Мұхтар Әуезов атындағы мектепте қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің пән апталығы аясында «Жігіт сұлтаны» байқауын өткізді.
Шараның мақсаты – қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау, отансүйгіштікке тәрбиелеу, ұжымдық рухты қалыптастыру, сахна өнерін дамыту.
Жарыс барысында сегіз жігітіміз 4 түрлі сайыс кезеңінде бақ сынады:
I кезең – презентация «Менен кіммін деп сұрасаң?...».
ІІ кезең – шығармашылық «Жігітке жеті өнер де аз».
ІІІ кезең – «Салт-дәстүрім – сарқылмас байлығым» сұрақ-жауап.
IV кезең – қол күресі.
Қазылар алқасы жас жігіттерді өзін-өзі таныстыру, шығармашылық қабілеттерін көрсету, қазақ халқының тарихын, мәдениеті мен салт-дәстүрін білу, дене шынықтыру дайындығына қарай бағалады.
Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлде 9 Б сынып оқушысы Сансызбай Асанәліге,
1 орынды 9 А сынып оқушысы Қаратай Нұркелді,
2 орын - 8 Ж сынып оқушысы Науразбеков Жансар,
3 орын - 9 В сынып оқушысы Елік Асанәлі.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!
Мұхтар Әуезов атындағы мектепте қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің пән апталығы аясында «Жігіт сұлтаны» байқауын өткізді.