Мұхтар Әуезов атындағы мектептің ұстаздары, тәлімгер Аимгуль Бильгибайқызы Купесова және жас маман Сүлеймен Жәмилә Сабыржанқызы қалалық «Педагогикалық дуэт-2024» байқауының ең жоғары Гран-при иегерлері атанды.

Байқау жас мұғалімнің «Менің тәлімгер ұстазым» тақырыбында эссе жазуы, «Асыға тосатын ұстаз» өзін-өзі таныстыруы және бейтаныс сыныпта ашық сабақ өткізуден тұрды.
Байқаудың мақсаты – жас ұстаздарға қолдау көрсету және тәлімгер маман рөлінің тиімділігін арттыру. Ұстаздарды осындай лайықты марапатымен құттықтаймыз! Сіздерге сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!