Бүгін еліміздің түкпір-түкпірінде қазақ күйлері бір мезгілде шырқалды.
Бүгін еліміздің түкпір-түкпірінде қазақ күйлері бір мезгілде шырқалды.
Наурыз мейрамын тойлау қарсаңында Қазақстанда дәстүрге айналған Республикалық «Күй күмбірі» челленджге Мұхтар Әуезов атындағы мектептің домбыра оркестрі қатысты.
Музыкалық челлендж өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік мәдениеті мен патриоттық сезімін тәрбиелеуге, мәдени мұраны сақтауға, балалар арасында домбыра тартуды кеңінен насихаттауға бағытталған.
Ұлы даланың әуені күллі әлемге шырқап, көктемнің шуақты мерекесі Наурыздың атмосферасын қалыптастырады.