Павлодар қаласының әдістемелік білім бөлімі «Арнайы және инклюзивті білім берудің үздік оқу-әдістемелік құралы» байқауын өткізді.
Павлодар қаласының әдістемелік білім бөлімі «Арнайы және инклюзивті білім берудің үздік оқу-әдістемелік құралы» байқауын өткізді.
Конкурстың мақсаты жалпы білім беру ұйымдарының арнайы және инклюзивті білім беру педагогтарының әдістемелік-дидактикалық құралдары мен бейімделген бағдарламаларын құру бойынша үздік педагогикалық тәжірибелерді анықтау болып табылады.
Байқау қорытындысы бойынша Мұхтар Әуезов атындағы мектеп мұғалімдері жүлдегер атанды:
2 орынды жас маман-география пәнінің мұғалімі Сергазинова Мадина Кайратовна иеленді,
3 орынды қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Хамитова Асемгуль Мырзатаевна алды.
Мұғалімдерді жетістіктерімен құттықтаймыз! Кәсіби байқауларда шығармашылық табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!