Сенім телефоны
625450
email: Auezova@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ткачев көшесі, 15
8(718)2-62-62-86 Call орталығы
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
2024 жылдың 15 мамырында Мұхтар Әуезов атындағы мектепте «Мектеп жобасынан бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруға дейін» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.
16-05-2024 16:13
2024 жылдың 15 мамырында Мұхтар Әуезов атындағы мектепте «Мектеп жобасынан бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруға дейін» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.

2024 жылдың 15 мамырында Мұхтар Әуезов атындағы мектепте «Мектеп жобасынан бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруға дейін» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.

Мақсаты - білім алушылардың зерттеу іс-әрекетінің дағдыларын және зияткерлік-шығармашылық әлеуетін дамыту.

Жиналған қауымға оқу ісі бойынша басшы орынбасары Темиргазина Жанна Конофьяновна құттықтау сөз сөйледі.
Конференцияның пленарлық бөлімінде Инновациялық Еуразия университетінің «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор Каирбекова Багжанат Дындарбекқызы «Білім алушылардың зияткерлік қабілеттерін өсіру құралдары» атты баяндама жасады.
Информатика магистрі Эргашова Замира Шамуритовна «Ақпарат - ғылыми жаңалықтардың кілті» атты шеберлік-сағатын өткізді.

2-10 сынып оқушылары, олардың арасында №5, №6, №43 базалық әлеует мектептерінің қатысушылары болды, «Менің Отаным-Қазақстан», «Ғылыми-техникалық прогресс, экономикалық өсудің негізгі буыны ретінде», «Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу», «Дені сау табиғи орта- «Қазақстан-2050» стратегиясын іске асырудың негізі», «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективалы туристік маршруттар» бағыттары бойынша 36 ғылыми зерттеу жобаларын ұсынды.

Конференция жұмысына секция төрағасы ретінде ИнЕУ ғалымдары қатысты:
Асылханова Г.Ж., әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор,
Иманбаева Г.Е., филология ғылымдарының докторы, профессор,
Айгумусова Д.С., физика магистрі, аға оқытушы,
Темербаева М.В., техника ғылымдарының кандидаты, профессор,
Сулейменов М.А., тарих ғылымдарының кандидаты, доцент.

ИнЕУ ғалымдары зерттеу жұмыстарының жеткілікті жоғары ғылыми деңгейін атап өтіп, оқушыларды ҚР ХҒА «Білім мен ғылымды интеграциялау-болашаққа қадам» ғылыми – практикалық конференциясына белсенді қатысуға шақырды.

Конференция жүлдегерлері мен қатысушылары I, II, III дәрежелі дипломдармен және сертификаттармен марапатталды.