Сенім телефоны
625450
Мекенжайы: Ткачев көшесі, 15
Call орталығы: 8(718)2-62-62-86
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Мұхтар Әуэзов атындағы мектеп ауласындағы оқу-тәжірибе учаскесінің оқу тәрбие үрдісінде алатын орны ерекше. Бұл демалыс орны ғана емес, сонымен қатар оқу-тәжірибе учаскесінде биология және экология пәндері бойынша сыныптан тыс іс щараларды өткізуге, тәжір
20-06-2024 20:44

Мұхтар Әуэзов атындағы мектеп ауласындағы оқу-тәжірибе учаскесінің оқу тәрбие үрдісінде алатын орны ерекше. Бұл демалыс орны ғана емес, сонымен қатар оқу-тәжірибе учаскесінде биология және экология пәндері бойынша сыныптан тыс іс щараларды өткізуге, тәжірибелер, бақылаулар жасауға жазғы тапсырмаларды орындауға арналған орын.

Жазғы профильдік экологиялық табиғатты қорғау тобының оқушылары сәндік өсімдіктер, көкөністер, егістік дақылдар,емдік шөптер, бұталар мен ағаштар өсіретін мектеп учаскесінде белсенді жұмыс істейді. Өйткені мұның бәрі мұқият күтімді қажет етеді.

Оқу-тәжірибе учаскесінің жетекшісі Райымжанова Н.Е. жетекшілігімен оқушылар өсімдіктерге қамқорлық жасайды: суарады, топырақты қопсытады, арамшөптерден тазалайды. Сондықтан мектеп учаскесі әрқашан таза және күтіп бапталған.