Мұхтар Әуезов атындағы мектептің оқушылары мен педагогтары «Жасыл желек» мектеп аумағын абаттандыру бойынша қалалық байқау-конкурсына қатысты.
Конкурстың мақсаты - оқу-тәжірибелік учаскелердің жұмысын жетілдіру, ерте бейіндеу, мектеп практикасына озық тәжірибені енгізу, жаратылыстану-ғылыми пәндерді оқытудың практикалық бағытын қамтамасыз ету, пәнаралық байланыстарды дамыту, табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу, оқушылардың тәжірибелік және зерттеу жұмысының практикалық дағдыларын дамыту.
Байқау-конкурсының қорытындысы бойынша Мұхтар Әуезов атындағы мектептің «JASYL ALEM» оқу-тәжірибелік учаскесі 1 орын алып, облыстық байқауға жолдама алды!
Оқушылар мен педагогтарды лайықты нәтижемен құттықтаймыз! Облыстық байқауда жеңіс тілейміз!
Адал еңбектеріңіз үшін рахмет!
