Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
625450
Адрес: Ткачев көшесі, 15
Call орталығы: 8(718)2-62-62-86
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
27 қыркүйекте Павлодар қаласының білім бөлімі мен Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының 100 жылдығына орай Павлодар қалалық кәсіподақ ұйымы «Өнерімді саған арнаймын – менің кәсіподағым» атты білім беру ұйымдары арасында шығармашылық ұж
30-09-2024 09:09

27 қыркүйекте Павлодар қаласының білім бөлімі мен Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының 100 жылдығына орай Павлодар қалалық кәсіподақ ұйымы «Өнерімді саған арнаймын – менің кәсіподағым» атты білім беру ұйымдары арасында шығармашылық ұжымдарының көркемөнерпаздар байқауының іріктеу кезеңін өткізді.

Байқау үш номинация бойынша өтті: «Хореография», «Вокал», «Аспаптық ансамбль».

Байқауға «Вокал» номинациясы бойынша Мұхтар Әуезов атындағы мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Сергалина Мадина Заркешқызы, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Шекеева Ардақ Теміргерейқызы, «Хореография» номинациясы бойынша – Бибігүл Арыстанбекқызы Тілеубалдинова өз шығармашылықтарын ұсынды. Сайыскерлер дипломдармен марапатталды.

Ұстаздарды құттықтаймыз, шығармашылық шабыт пен табыс тілейміз!