Мұғалімдер күні қарсаңында Мұхтар Әуезов атындағы мектептің жас педагогтары «JasBilim» жобасы аясында өткізілген интеллектуалды квиз-ойынға қатысты. Іс-шараны Жастар бастамаларын дамыту орталығы және «Павлодар дарыны балаларды жұмыспен қамту және дарындыл
Мұғалімдер күні қарсаңында Мұхтар Әуезов атындағы мектептің жас педагогтары «JasBilim» жобасы аясында өткізілген интеллектуалды квиз-ойынға қатысты. Іс-шараны Жастар бастамаларын дамыту орталығы және «Павлодар дарыны балаларды жұмыспен қамту және дарындылықты дамыту орталығы» МКҚК-мен бірлесіп ұйымдастырды.
Квиз ойыны-бұл қатысушылар өздерінің эрудициясын, тапқырлығын және ойлау жылдамдығын көрсететін қызықты жарыс.
Ойынның 6 раундынан өткеннен кейін біздің мектептің командасы 2 орынға ие болды!
Мұғалімдерді жоғары нәтижемен құттықтаймыз. Шығармашылық шабыт пен нәтижеге жұмыс істеуге деген ұмтылыс әрқашан кәсіби қалыптасуда қатар жүрсін!