2024 жылғы 4 қазан күні қорғаныс істері басқармасының қолдауымен Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептері арасында «Жас Ұлан» әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша қалалық жарыстар өтті.
Жарыстың негізгі мақсаты жасөспірімдерді патриотизмге тәрбиелеу, практикалық әскери-спорттық дағдыларды дамыту және алғашқы әскери және технологиялық дайындықты зерттеуге тұрақты қызығушылықты қалыптастыру.
Жарыс алты кезеңнен тұрды: саптық дайындық, пневматикалық мылтықтан ату, АК-74-ті бөлшектеу және құрастыру, АК-74-те магазинді жабдықтау және разрядтау, тартылу және 1000 метрге жүгіру.
Мұхтар Әуезов атындағы мектеп оқушыларының командасы1000 метр қашықтыққа жүгіруде 1 орын алып ерекше құрметке ие болды.
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі Балгин Даулет Оразғалиұлын және оқушыларды жоғары нәтижемен құттықтаймыз! Осы дәрежеде тоқтап қалмауыңызға және жаңа биіктерге жетуіңізге тілектеспіз!
