2024 жылдың 23 қазанында Мұхтар Әуезов атындағы мектепте «Біртұтас тәрбие» - тәрбие жұмысындағы жаңа кезең» тақырыбында стратегиялық сессия өтті. Сессия модераторы мектеп басшысы Гульнар Туияковна Топанова сөз сөйледі.
Сессияның жалпы отырысында тәрбие ісі жөніндегі басшының орынбасары Асемгуль Ермұханбетовна Жолдасбекова «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жаңартылған мазмұнының негізгі құндылықтарын, бағыттарын, іске асыру тетіктерін және әдіснамалық негіздерін атап өтті.
Стратегиялық сессияның практикалық бөлігінің алдында психолог Алма Курумбаевна Баисованың ұжымды біріктіруге арналған тренингі өтті.
Практикалық алаңдардың жұмысы бір бағыт бойынша жобаны әзірлеу және қорғау болды:
•құқықтық тәрбие,
• рухани-адамгершілік тәрбие,
• зияткерлік тәрбие,
• көркемдік-эстетикалық тәрбие,
• экологиялық тәрбие,
• дене тәрбиесі,
• ұлттық тәрбие,
• отбасылық тәрбие.
Қорғау барысында командалар ұсынған қызықты және өзекті жобаларды мектепте «Біртұтас тәрбие» бірыңғай бағдарламасы аясында іске асыру ұсынылды.
Кері байланыс барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға толыққанды жауап алып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, іс-шараның маңыздылығын атап өтті.