25 қазан күні Павлодар қаласынының Мұхтар Әуезов атындағы мектебінде Қазақстан Республикасы күні мерекесіне орай волейболдан спартакиада өтті.
Жарысты Павлодар қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі мен Павлодар қаласының білім бөлімі бірлесіп ұйымдастырды.
Спорт алаңына Павлодар қаласы әкімдігінің мемлекеттік қызметкерлері мен қалалық маслихат депутаттары жиналды.
Салтанатты ашылу Павлодар қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Абильтаев Асет Вахитұлының құттықтау сөзімен басталды, қатысушыларды мерекелерімен құттықтап, спорттық жігер мен жоғары нәтижелер тіледі.
Тоғыз команда жеңіс үшін жан аямай ойнады. Ойын нәтижесінде 1 орын Жетекші ауылы әкімдігінің командасына берілді. Күміс жүлдені Павлодар қаласының білім бөлімінің волейболшылары, қола жүлдені Мемлекеттік кірістер басқармасының командасы иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
25 қазан күні Павлодар қаласынының Мұхтар Әуезов атындағы мектебінде Қазақстан Республикасы күні мерекесіне орай волейболдан спартакиада өтті.