Мұхтар Әуезов атындағы мектебінде жас мамандар арасында қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру, сенімді мінез-құлық, жағымды қарым-қатынас қалыптастыру мақсатында «Үйлесімділіктің кілті: педагогтың ішкі ресурсы» тақырыбы бойынша тренинг өткізілді.

Тренинг барысында педагог-психологтар Баисова А.К., Мукина Р.Е. оң қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға бағытталған ойын релаксациялық жаттығуларын өткізіп, ұсыныстар мен тілектер жазылған буклеттер таратылды.
Тренинг жаңадан бастаған педагогтардың кәсіби қызметке деген сенімін арттыруға, қоршаған ортаға оң көзқарасын қалыптастыруға ықпал етті.