2025 жылдың 14 қаңтарында Павлодар қаласының білім бөлімінің балалар техникалық мектебінің ұйымдастыруымен «Robotek Grand Tournament» робототехника бойынша қалалық чемпионаты өтті.
Мақсаты - робот техникасымен, бағдарламалаумен айналысатын талантты балаларды қолдау.
Чемпионат жеті бағыт бойынша өтті: «Robotek», «Инверстік желі бойынша жарыс», «Робот-жеткізуші», «Мерген», «Ту жеткізу», «Робот-сұрыптаушы», «РобоБаскетбол».
«Robotek» бағытында Мұхтар Әуезов атындағы мектепті 6 м сынып оқушылары Жексембина Ясмин мен Казанбаева Аяна таныстырып, 2 жүлделі орынға ие болды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және информатика пәнінің мұғалімі Рустам Талгатбекович Садыковқа табыс тілейміз! Одан әрі жеңістер мен жаңа ниеттерді іске асыруды тілейміз!
