Павлодар қаласы білім бөлімі Мұхтар Әуезов атындағы орта мектеп базасында «Химия сабақтарында проблемалық оқыту: теориядан практикаға» тақырыбында семинар-практикум өткізді.
Семинардың мақсаты - химия пәнін оқытуда өмірлік жағдайларды шешу үшін проблемалық оқыту әдісін қолдану және «softskills» құзыреттерін дамыту мақсатында мини STEM-жобаларын енгізу. Жұмыс барысында «Оптикалық иллюзиялар жобасы - Тауматроп» тақырыбы да қарастырылды.
Шеберлі сағатын Мұхтар Әуезов атындағы орта мектептің химия пәні мұғалімі Жолдыбаева Динара Турсынбековна мен Жетекші орта мектебінің мұғалімі Сидоренко Инна Игоревна ұйымдастырды.
Семинарға 30-дан астам химия пәні мұғалімдері қатысып, төрт мини-жоба бойынша жұмыстар жасады: «Оптикалық ойыншық – тауматроп» («Оптика» бөлімінен пән аралық байланыс аясында), «Үй жағдайында парфюм жасау», «Су тазарту фильтрі жасау» т.б. Әрбір топ өз жобаларын қорғап, зерттеу нәтижелерін көрсетті.
Мұндай практикалық жұмыстар жобалық қызметке және зерттеу жұмыстарына деген қызығушылықтарын арттырады. Оқушылардың жаңа жобалар жасауға ынтасын оятып, химияны тұрмыста қолдануға қызығушылықтарын арттырады. Мұндай шеберлік сағаттарынан жаңа авторлық бағдарламалар мен жобалар дүниеге келеді.
Павлодар қаласы білім бөлімі Мұхтар Әуезов атындағы орта мектеп базасында «Химия сабақтарында проблемалық оқыту: теориядан практикаға» тақырыбында семинар-практикум өткізді.