Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
625450
email: Auezova@goo.edu.kz
Адрес: Ткачев көшесі, 15
8(718)2-62-62-86 Call орталығы
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру аясында 2025 жылғы 29 қаңтарда Мұхтар Әуезов атындағы мектеп базасында «Білім алушылардың құқықтық мәдениетін тәрбие және білім беру арқылы жетілдіру» тақырыбында қалалық семинар өтті, оған Павлодар қаласы мектеп
31-01-2025 22:14
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру аясында 2025 жылғы 29 қаңтарда Мұхтар Әуезов атындағы мектеп базасында «Білім алушылардың құқықтық мәдениетін тәрбие және білім беру арқылы жетілдіру» тақырыбында қалалық семинар өтті, оған Павлодар қаласы мектеп

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру аясында 2025 жылғы 29 қаңтарда Мұхтар Әуезов атындағы мектеп базасында «Білім алушылардың құқықтық мәдениетін тәрбие және білім беру арқылы жетілдіру» тақырыбында қалалық семинар өтті, оған Павлодар қаласы мектептері басшысының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Семинардың мақсаты білім алушылардың бойында құқықтық сананы қалыптастыру, Қазақстан Республикасының заңдарын құрметтеу, өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік, құқықтық сауаттылықты дамыту, әртүрлі өмірлік жағдайларда құқықтық нормаларды қолдану дағдыларын қалыптастыру болды.

Пленарлық бөлімде басшының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары А.Е. Жолдасбекова және Б.К. Аманова «Мектептегі құқықтық сауаттылықты дамыту стратегиясы» және «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру шеңберінде құқықтық бағыт бойынша тәрбие жұмысын қалыптастыру»тақырыбында баяндамалар ұсынды.

Семинардың практикалық бөлігі төрт алаңнан тұрады:
1. «Заң аренасы» пікірсайыс турнирі.
2. «Жасанды интеллект арқылы құқықтық сауаттылықты арттырудың инновациялық әдістері» мастер-класс.
3. «Құқық пен этика үйлесімі» пікірталас алаңы.
4. «Зұлымдықсыз Әлем: балалардың құқықтық миссиясы» сот ойыны.

Практикалық алаңдардың жұмысына оқушылармен бірге қала мектептері басшыларының орынбасарлары да белсенді қатысты. Қызу әңгіме мен дау, өз ұстанымын қорғау, айтылған ұсынымдар мен тілектер жиналғандардың ерекше қызығушылығын тудырды.

Іс-шара психологиялық жылынумен және «Ашық микрофон» кері байланысымен аяқталды.