Көктемгі каникул кезінде Мұхтар Әуезов атындағы ЖОББМ-де «Аспаздық мектеп» жобасы аясында гастрономиялық сайыс өткізілді. Сайысқа М.Әуезов, Ш.Шокин, Б.Момышұлы, №15, 25, 39 мектептер қатысты.

Көктемгі каникул кезінде Мұхтар Әуезов атындағы ЖОББМ-де «Аспаздық мектеп» жобасы аясында гастрономиялық сайыс өткізілді. Сайысқа М.Әуезов, Ш.Шокин, Б.Момышұлы, №15, 25, 39 мектептер қатысты.
Байқаудың басты мақсаты – мектеп оқушыларына салауатты тамақтану негіздерін кеңінен насихаттау.
Қатысушылар әртүрлі ингредиенттерден салаттар дайындады, мұнда негізгі талап салауатты тамақтану принциптерін сақтау болды.
Салаттар келесі критерийлер бойынша бағаланды: рецепттің түпнұсқалығы, ұсыну эстетикасы және денсаулыққа пайдасы.
Байқау қорытындысы бойынша 1 орынға М.Әуезов пен Б.Момышұлы атындағы мектептердің оқушылары ие болды, 2 орын - №15, 25 ЖОББМ, 3 орын - №39 және Ш.Шокин атындағы мектептердің оқушылары ие болды.