Сенім телефоны
625450
Мекенжайы: Ткачев көшесі, 15
8(718)2-62-62-86 Call орталығы
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
2025 жылдың қаңтарында Шығыс Қазақстан облысының Глубоков ауданына қарасты ірі орта мектептердің бірінде ерекше бастама қолға алынды. Аудандық прокуратура білім бөлімі мен мектеп әкімшілігінің белсенді қолдауымен өмірлік қиындыққа тап болған жасөспірімдер
06-04-2025 08:15
2025 жылдың қаңтарында Шығыс Қазақстан облысының Глубоков ауданына қарасты ірі орта мектептердің бірінде ерекше бастама қолға алынды. Аудандық прокуратура білім бөлімі мен мектеп әкімшілігінің белсенді қолдауымен өмірлік қиындыққа тап болған жасөспірімдер

2025 жылдың қаңтарында Шығыс Қазақстан облысының Глубоков ауданына қарасты ірі орта мектептердің бірінде ерекше бастама қолға алынды. Аудандық прокуратура білім бөлімі мен мектеп әкімшілігінің белсенді қолдауымен өмірлік қиындыққа тап болған жасөспірімдерді өз қамқорлығына алды.
Осылайша «Күш-бірлікте» деп аталатын көшбасшылар клубы дүниеге келді.

Ең бастысы — 7–8-сыныптың 23 оқушысына жаңа тыныс ашылды. Күдіктеніп қарағаннан гөрі, сенім артты. Түзетуге тырысқаннан гөрі, қолдау көрсетті. Оларды спортқа, шығармашылыққа, бірлескен істерге жұмылдырды. Нәтижесінде үш айдың ішінде тәртіп бұзушылықтың орнына – жетістіктер, немқұрайдылықтың орнына – белсенділік, тұйықтықтың орнына – сахнада жарқыраған өнер келді.

Тағы бір айрықша жайт – прокурордың қатысуы ресми жиындармен шектеліп қалмауы. Ол негізгі жұмысынан қолы босаса болды, мектепке барып, балалармен әңгімелесті, теннис және басқа спорт түрлерін бірге ойнады, өмірлік тәжірибесімен бөлісті.
Балғын жүректерге дәл осындай қарапайым да шынайы сәттердің әсері мол болды. Олар расымен сенімге ие екенін, жандарында көмек қолын созуға даяр ересектер бар екенін ұғынды.

Ал бұл бастаманың сәтті жүзеге асуына мектеп директоры мен мұғалімдердің қосқан үлесі өлшеусіз. Балалар үшін қолайлы орта жасалып, өзін қажетті, естіген, қабылданған күйде сезінуіне бар жағдай жасалды.

Оқушылар өз күштерімен «Наурыз – Мейірім мен бірліктің мерекесі» атты мектептік шараны ұйымдастырып, әр жасөспірімге қажетті дүниенің бір ғана мүмкіндік пен оған деген сенім екенін дәлелдеді.