Сенім телефоны
625450
Мекенжайы: Ткачев көшесі, 15
8(718)2-62-62-86 Call орталығы
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Павлодар қаласында білім беру басқармасының жанынан Өңірлік психологиялық қолдау орталығы жұмыс істейді. Мұнда мамандар балалар мен олардың ата-аналарына тегін білікті көмек көрсетеді.
09-05-2025 11:51
Павлодар қаласында білім беру басқармасының жанынан Өңірлік психологиялық қолдау орталығы жұмыс істейді. Мұнда мамандар балалар мен олардың ата-аналарына тегін білікті көмек көрсетеді.

Павлодар облысында балаларға психологтың тегін көмегі қолжетімді

Павлодар қаласында білім беру басқармасының жанынан Өңірлік психологиялық қолдау орталығы жұмыс істейді. Мұнда мамандар балалар мен олардың ата-аналарына тегін білікті көмек көрсетеді.

Біз білім беру процесінің барлық қатысушыларына көмек көрсетеміз.

Негізгі мақсат - жергілікті деңгейде психологиялық қызметтің бірыңғай жүйесін құру, білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, педагогтарға, ата-аналарға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету. Психологтарды клиенттердің әртүрлі санаттарымен тиімді жұмыс істеу үшін қажетті біліммен, құралдармен және ресурстармен қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың кәсіби құзыреттерін дамыту.

Біз психологтармен, әлеуметтік педагогтармен, директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен, сынып жетекшілерімен тікелей жұмыс істейміз.

Сонымен қатар, орталықта балаларға, ата-аналарға және педагогтарға арналған кеңес беру кабинеттері ашылды. Егер бала немесе ата - ана әртүрлі себептермен өз мектебінде психологқа жүгінгісі келмесе немесе ондай мүмкінкін болмаса, бізге тікелей келуге болады, - дейді өңірлік психологиялық қолдау орталығы басшысының м.а. Жанара Сматаева.

Консультациялар қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Сондай-ақ тәжірибе алмасу және өзекті мәселелерді шешу үшін кеңістік құруға көмектесетін семинарлар, тренингтер үнемі өткізіліп тұрады.

Орталық сенбі мен жексенбіден басқа күн сайын жұмыс істейді. Қажет болған жағдайда (төтенше жағдайларда) психологтар сенбі күндері кеңес бере алады.
Жазылуға арналған телефон: 87718535294.