Телефон доверия
625450
Адрес: Ткачев көшесі, 15
Call орталығы: 8(718)2-62-62-86
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу қарсаңында Мұхтар Әуезов атындағы мектепте бірқатар іс-шаралар өткізілді. Бұл іс-шаралардың басты мақсаты – оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, тарихи жадыға құрметпен қарау, өз елі мен халқына деген мақтаны
09-05-2025 19:45
Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу қарсаңында Мұхтар Әуезов атындағы мектепте бірқатар іс-шаралар өткізілді. Бұл іс-шаралардың басты мақсаты – оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, тарихи жадыға құрметпен қарау, өз елі мен халқына деген мақтаны

Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу қарсаңында Мұхтар Әуезов атындағы мектепте бірқатар іс-шаралар өткізілді. Бұл іс-шаралардың басты мақсаты – оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, тарихи жадыға құрметпен қарау, өз елі мен халқына деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу, жеңіс әкелген ұрпақ пен XXI ғасыр жастарының арасындағы байланысын терең түсіну болды.

Тақырыптық сынып сағаттары, ерлік сабақтары, мұражай сабақтары, акциялар, тыл еңбеккерлерін құрметтеу, обелискке гүл шоқтарын қою, салтанатты концерт осы мақсаттарға қол жеткізуге ықпал етіп, өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеудің маңызды бөлігіне айналды.

Бұл күндері мектепте халықтың ерлігіне деген алғыс пен мақтаныш сезіміне толы әскери жылдардағы әндер мен өлеңдер шырқалды. Жүрекке әсер еткен «Үнсіздік минуты» дәстүрі халықтың Жеңіс үшін төккен қаны мен жанын еске салды. Мектептің фойесінде ұсынылған бейнематериалдар оқушыларға Ұлы Отан соғысының белгілі жерлестері-қаһармандары туралы айтып берді.

Мерекелік іс-шаралар оқушылардың жүрегінде соғыс ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне бейбіт өмір мен бостандық үшін деген терең құрмет пен майдан даласынан оралмағандарға деген жарқын естелікті қалдырды.