16 мамыр күні Мұхтар Әуезов атындағы мектепте «Даналық мектебі» бағдарламасы аясында «Аналар кеңесі» клубының отырысы өтті.
Халықаралық отбасы күніне арналған бұл жиынды бейнелеу өнері пәнінің мұғалімдері бисер тоқу бойынша шеберлік сағаты түрінде ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – ата-аналарды шығармашылыққа баулу, сәндік-қолданбалы өнерге деген қызығушылықтарын дамыту, мұғалімдер мен ата-аналар арасындағы жағымды қарым-қатынас орнатуға жағдай жасау.
Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімдері Аманжолова К.К. мен Жангужинова Г.К. қатысушыларды бисермен жұмыс істеу техникасының негіздерімен таныстырды.
Бисер тоқудың бастапқы дағдыларын меңгерген ата-аналар қарапайым бұйымдар – білезік, брелок, брошь жасап шығарды.
Шеберлік сағаты бисер тоқу негіздерімен танысу мүмкіндігін ғана емес, сондай-ақ отбасы мен мектеп арасындағы тиімді қарым-қатынас құралына айналды.
Ата-аналар шығармашылық еркін ортада өткізілген кездесу үшін ұстаздарға алғыс айтып, мұндай кездесулерді алдағы уақытта да жалғастыруды тіледі.
