Волейболдан достық матч: оқушылар мен ата-аналар
«Даналық мектебі» бағдарламасы аясында отбасы мен мектеп арасындағы өзара байланысты нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Мұхтар Әуезов атындағы мектепте оқушылар мен ата-аналардан құралған үш құрама команданың қатысуымен достық волейбол матчы өтті.
Матч «Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ!» ұранымен өтті.
Қарқынды тартыста оқушылар мен ата-аналар жоғары дене дайындығы мен жеңіске деген зор жігерін көрсетіп, келесі нәтижелерге қол жеткізді:
1 орынды «Сила Подачи» командасы иеленді,
2 орын — «Родительский Сет» командасына бұйырды,
3 орын — «Классная Команда» командасына берілді.
Жарыс шын мәнінде спорт пен мектеп пен ата-аналар арасындағы ынтымақтастықтың мерекесіне айналып, жарқын әрі жағымды әсер қалдырды.
