2025 жылдың 12–23 мамыр айында Павлодар қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырған 54-ші Спартакиада аясында 6–7 сынып оқушылары арасында «Былғары доп» футбол жарыстары өтті.
2025 жылдың 12–23 мамыр айында Павлодар қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырған 54-ші Спартакиада аясында 6–7 сынып оқушылары арасында «Былғары доп» футбол жарыстары өтті.
Мұхтар Әуезов атындағы мектептің оқушылары бұл жарыста жоғары деңгейде өнер көрсетіп, қаланың 20 командасы арасынан 3 жүлделі орынды иеленді.
Футбол командасын Спартакиадада лайықты жеңіске жетуімен құттықтаймыз! Сіздер шынайы жігерді, бірлік пен жеңіске деген ұмтылысты көрсете алдыңыздар! Әрбір соғылған гол мен алаңдағы үйлесімді ойын — тынымсыз жаттығудың, табандылықтың және футболға деген шынайы сүйіспеншіліктің нәтижесі.
