Бүгін «Балауса» мектеп жанындағы лагерьде нағыз сиқырлы сабақ өтті! Балалар қағаздан суперқаһармандар жасап, оларға арнайы киімдер мен аксессуарлар ойлап тапты, содан кейін… ойын басталды!
Бүгін «Балауса» мектеп жанындағы лагерьде нағыз сиқырлы сабақ өтті!
Балалар қағаздан суперқаһармандар жасап, оларға арнайы киімдер мен аксессуарлар ойлап тапты, содан кейін… ойын басталды!
Әр қаһарман кішкентай театр сахнасында тіріліп, әлемді құтқарып, жамандықпен күресіп, тіпті… үйлену тойын да өткізді!
Осындай шығармашылық іс-шаралар қиялды дамытып, қолдың ұсақ моторикасын жақсартып, балалардың өз-өзіне сенімді болуына ықпал етеді. Ең бастысы — балаларды біріктіріп, қуаныш сыйлайды!
