Жазғы каникул — тек демалыс уақыты ғана емес, сонымен қатар туған мектебіңе қамқорлық жасау кезеңі! Біздің еңбекқор оқушыларымыз мектеп ауласын көгалдандыру жұмыстарына белсене қатысуда.
Жазғы каникул — тек демалыс уақыты ғана емес, сонымен қатар туған мектебіңе қамқорлық жасау кезеңі!
Біздің еңбекқор оқушыларымыз мектеп ауласын көгалдандыру жұмыстарына белсене қатысуда. Мұғалімдермен бірге балалар:
• түрлі-түсті гүлдер отырғызуда,
• сәндік бұталарға күтім жасауда,
• бақшада көкөністер өсіруде
және тіпті дәрілік өсімдіктерден тұратын дәрілік бұрыш жасауда!
Мұндай еңбек мектеп ауласын көркейтіп қана қоймай, балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін, еңбекқорлығын және жауапкершілігін тәрбиелейді.
Осындай маңызды әрі пайдалы іске атсалысқан барлық жандарға үлкен алғыс!
