Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 534 бұйрығы.
Бұл 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрыққа енгізілген өзгерістер мен толықтырулар болып табылады және 2023 жылғы қаңтар-ақпан айларынан бастап қолданысқа енген негізгі құжат.
Негізгі талаптардан үзінділер:
• 5–6-тармақтар: мектеп формасы зайырлы сипатқа сай болуы, классикалық стильде, бірыңғай түсте (3-тен аспайтын сабырлы түстер) орындалуы тиіс.
• 8–9-тармақтар: жинаққа пиджак, жилет, шалбар/белдемше, көйлек/блузка немесе кофта, поло немесе тенниска кіреді; қыс мезгілінде ұлдар мен қыздар үшін жилет пен водолазка киюге рұқсат етіледі; шалбар ұзындығы тобықты жабуы қажет.
• 11-тармақ: спорттық форма — спорттық костюм (шалбар мен футболка) және спорттық аяқ киім (кроссовки немесе кеды).
• 13-тармақ: діни киім элементтеріне немесе рәміздеріне тыйым салынады.
• 14-тармақ: білім беру ұйымының эмблемалары немесе жапсырмалары формада орналастырылуы мүмкін.
• 15–16-тармақтар: форма климаттық жағдайды, бөлме температурасын ескеруі тиіс; қауіпті фурнитураны қолдануға жол берілмейді.
• 18-тармақ: ұсынылатын маталар — жартылай жүн немесе мақта, антибактериалды, антимикробтық және антистатикалық қасиеттері бар; бұл — ұсыныс, міндетті талап емес.
• 19–20-тармақтар: ата-аналар, мектептің өзін-өзі басқару ұйымы және қамқоршылық кеңес форма мәселесін талқылауға қатысады және оны жалпы ата-аналар жиналысында бекітеді; өзгерістер де осы органдармен келісіліп, хаттамамен рәсімделуі тиіс.
Мектебіміздегі қамқоршылық кеңес отырысында мектеп формасы ретінде:
• күнделікті киілетін көйлек/блузка ұлдар мен қыздарға арналған — ашық түсті: ақ түсті, ашық көгілдір, ашық-беж, ашық сұр,
• салтанатты (парадтық) көйлек/блузка ұлдар мен қыздарға — ақ түсті,
• мектеп формасының негізгі түсі — қою көк ретінде бекітілді.
