«Балақайлар мектебі» Мұхтар Әуезов атындағы мектепте!
Қуанышпен хабарлаймыз: 2025 жылдың 1 тамызынан бастап Мұхтар Әуезов атындағы мектебімізде «Балақайлар мектебі» жобасы аясында болашақ бірінші сынып оқушыларына арналған сабақтар басталды!
Сабақтардың мақсаты — мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің арасындағы сабақтастықты нығайту, балалардың мектеп өміріне жеңіл бейімделуіне көмектесу және бірінші сынып алдындағы бастапқы мүмкіндіктерді теңестіру.
Сабақ барысында балалар:
• мұғалімдермен және мектеп ортамен танысады,
• сөйлеу және математикалық дағдыларын дамытады,
• ұжымда жұмыс істеуді және күн тәртібін сақтауды үйренеді,
• өзіне деген сенімділігін нығайтады.
Мұндай дайындық балалардың мектеп өміріне стресссіз бейімделуіне, ал ата-аналардың өз балалары үшін алаңдамауына мүмкіндік береді.
