Телефон доверия
625450
Адрес: Ткачев көшесі, 15
Call орталығы: 8(718)2-62-62-86
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
«Балақайлар мектебі» Мұхтар Әуезов атындағы мектепте! Қуанышпен хабарлаймыз: 2025 жылдың 1 тамызынан бастап Мұхтар Әуезов атындағы мектебімізде «Балақайлар мектебі» жобасы аясында болашақ бірінші сынып оқушыларына арналған сабақтар басталды!
07-08-2025 09:09

«Балақайлар мектебі» Мұхтар Әуезов атындағы мектепте!

Қуанышпен хабарлаймыз: 2025 жылдың 1 тамызынан бастап Мұхтар Әуезов атындағы мектебімізде «Балақайлар мектебі» жобасы аясында болашақ бірінші сынып оқушыларына арналған сабақтар басталды!

Сабақтардың мақсаты — мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің арасындағы сабақтастықты нығайту, балалардың мектеп өміріне жеңіл бейімделуіне көмектесу және бірінші сынып алдындағы бастапқы мүмкіндіктерді теңестіру.

Сабақ барысында балалар:
• мұғалімдермен және мектеп ортамен танысады,
• сөйлеу және математикалық дағдыларын дамытады,
• ұжымда жұмыс істеуді және күн тәртібін сақтауды үйренеді,
• өзіне деген сенімділігін нығайтады.

Мұндай дайындық балалардың мектеп өміріне стресссіз бейімделуіне, ал ата-аналардың өз балалары үшін алаңдамауына мүмкіндік береді.