2025 жылғы 2 қыркүйекте Мұхтар Әуезов атындағы мектептің 2–9 сыныптарында «Мектебім – мейірім мекені!» тақырыбында біріңғай сынып сағаттары өткізілді.
Сынып сағаты жаңа оқу жылына оң көңіл-күй қалыптастырудың маңызды сәтіне айналды. Педагогтар оқушылармен ашық диалог өткізіп, жазғы демалыстың қалай өткенін, жаңа оқу жылынан күтілетін үміттер мен мақсаттарды талқылады.
«Балалар кітапханасы» жобасы аясында оқушылар оқыған кітаптары туралы айтып, сүйікті кейіпкерлерімен, қызықты оқиғалармен және әдебиет арқылы алған өмірлік маңызды сабақтарымен бөлісті.
Іс-шара барысында интерактивті тақталар, мультимедиялық презентациялар, бейнероликтер, сондай-ақ жасанды интеллект мүмкіндіктері кеңінен қолданылып, сынып сағатын одан әрі қызықты әрі танымдық етті.
Жаңа оқу жылында мектептің педагогикалық ұжымы «Адал азамат» бағдарламасы аясында адал әрі жауапты азаматтарды тәрбиелеу бойынша жұмыстарын жалғастыра отырып, өскелең ұрпақтың бойында негізгі құндылықтарды қалыптастыруды басты назарда ұстайды.
