Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
625450
Мекенжайы: Ткачев көшесі, 15
Call орталығы: 8(718)2-62-62-86
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Бүгін, 2025 жылғы 25 қыркүйекте мектебімізде ұлы жазушының туған күніне арналған әсерлі де тағылымды шара — Ауэзов оқулары «М. Әуезовті үш тілде оқимыз» атты мерекелік іс-шара өтті.
26-09-2025 09:13

Бұл іс-шара қазақтың көрнекті жазушысы, академик-ғалымы және қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туған күніне арналды.

Байқауға тек мектебіміздің оқушылары ғана емес, сонымен қатар Павлодар қаласының №5 және №6 жалпы білім беру мектептерінің оқушылары да қатысты. Қатысушылар үш тілде — қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде Мұхтар Әуезовтің шығармаларын мәнерлеп оқып, ұлы қаламгердің туындыларының терең мағынасын, көркемдік құндылығын жоғары деңгейде жеткізе білді.

Оқушылар Мұхтар Әуезовтің келесі шығармаларынан үзінділер оқыды:
• «Көксерек» — жазушының шеберлікпен жазылған, терең философиялық мағынаға ие туындысы;
• «Еңлік-Кебек» трагедиясы — 1917 жылы жазылған, автор шығармашылығында ерекше орын алатын пьеса;
• «Абай жолы» роман-эпопеясы — жазушы өмірінің басты шығармасы, қазақ әдебиетіндегі тұңғыш тарихи роман.

Сондай-ақ, «Жетім», «Қорғансыздың күні», «Үйлену», «Қаралы сұлу», «Қыранмен болған аңшылық» және басқа да әңгімелері оқылды.

Мұхтар Әуезов — өз халқының ұлы перзенті, қазақ әдебиетінің ғана емес, әлем әдебиетінің де көрнекті өкілі. Оның рухани мұрасы — ұрпақтан-ұрпаққа жететін құнды қазына.

Іс-шараға белсенді қатысып, ұлы жазушының мұрасын насихаттауға өз үлесін қосқан барлық оқушыларға алғысымызды білдіреміз!

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!