25 қыркүйекте мектебімізде шабытқа толы тамаша шара — «Үш тілде Мұхтар Әуезовті оқимыз» атты Әуезов оқулары өтті. Бұл іс-шара қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туған күніне орай ұйымдастырылды.
Іс-шара қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығына арналған «Әуезов күндері» атты мектепішілік онкүндік аясында өткізілді.
Байқауға мектебіміздің оқушыларымен қатар Павлодар қаласының №5 және №6 жалпы білім беру мектептерінің оқушылары да қатысты. Қатысушылар жазушының шығармаларын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқып, оның әдеби мұрасына деген сүйіспеншілігі мен құрметін көрсетті.
Оқырмандар назарына «Көксерек», «Еңлік-Кебек», «Абай жолы», «Қорғансыздың күні», «Жетім» және басқа да шығармалардан үзінділер ұсынылды.
Барлық қатысушыларға әдеби мұраны дәріптегені үшін алғыс білдіреміз және жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
⠀
Әуезов оқулары — мектебімізде үшінші жыл қатарынан дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан маңызды шара.
