Мұхтар Әуезов атындағы мектепте бастауыш сыныптар апталығы басталды.
Таңертеңнен бастап мектепте білімге деген құштарлық пен жаңа әсерлерге толы мерекелік атмосфера орнады. Мектептің кіреберісінде оқушыларды көңілді аниматорлар мен ұстаздар қарсы алып, нағыз мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Оқушылар үшін қызықты интеллектуалдық алаңдар ұйымдастырылды. Мұнда оларды түрлі басқатырғыштар, логикалық тапсырмалар, дәлдікке арналған ойындар, сондай-ақ жол қозғалысы ережелері бойынша жаттығулар күтті. Әрбір қатысушы өз тапқырлығы мен жылдамдығын көрсетіп, дұрыс жауаптары үшін лайықты сыйлықтарға ие болды.
Күннің жарқын нүктесі – оқушылар дайындаған шоу-бағдарлама болды. Сахнада әсем билер, жүрек тебірентер өлеңдер мен көңілді әндер орындалып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Балалардың шаттық күлкісі мен бақыттан жанған көздері – Бастауыш сыныптар апталығының ашылуы сәтті әрі шабытпен өткенінің айғағы болды.
