Бүгін Мұхтар Әуезов атындағы мектепте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранның жаппай орындау эстафетасы бастау алды. Біз бұл шараны «БІРЛІК ӘНҰРАНЫ: ПАТРИОТИЗМ ЭСТАФЕТАСЫ» деп атадық.
Бұл эстафета – Отанға деген сүйіспеншіліктің, бірлік пен ел рәміздеріне деген құрметінің айқын көрінісі. Ол еліміздің тәуелсіздігіне деген мақтаныш пен жас ұрпақтың азаматтық белсенділігін білдіретін символға айналды.
Әнұран – бұл жай ғана салтанатты ән емес. Бұл – ұлттың үні, оның намысы мен бірлігінің көрінісі. Әнұранды орындау – барша қазақстандықтарды біріктіріп, ортақ тарихымызды, мәдениетімізді және болашағымызды еске салады.
Мектебіміздің оқушылары Мемлекеттік Әнұранды зор мақтанышпен орындап, эстафетаны №38 орта мектебіне салтанатты түрде табыстады. Мектеп оқушылары патриотизм мен ұлттық бірлікті дәріптеу жолындағы бастаманы жалғастырады.
Барлық қала мектептерін осы маңызды акцияға белсенді қатысуға шақырамыз! Жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен азаматтық рухты қалыптастыру – бәрімізге ортақ міндет!
Бірлік. Мақтаныш. Елтаңба. Ту. Әнұран – бұл біздің болашағымыздың негізі!
