Жыл сайын 29 қазан күні елімізде Қамқоршы күні атап өтіледі — бұл үлкен жүректі, мейірімді жандардың мерекесі. Мұхтар Әуезов атындағы мектепте дәстүр бойынша «Қамқоршы күні – Мейірімді жүрек күні» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шара барысында қамқоршыларға жылы лебіздер айтылып, естелік сыйлықтар табыс етілді.
Мектеп әкімшілігі сіздердің балаларға деген қамқорлықтарыңызға, сабырларыңызға және сүйіспеншіліктеріңізге шын жүректен алғыс білдірді.
Балалардың амандығы мен бақытты болашағы үшін күн сайын жасап жүрген еңбектеріңізге шын жүректен ризашылығымызды білдіреміз.
Сіздер – ең қажет сәтте мейірім мен сүйіспеншілік сыйлайтын жандарсыздар. Сіздердің арқаларыңызда балалар өздерін қауіпсіз сезініп, өмірге сеніммен қарап, өз болашағын құра алады.
Жақсылығыңыз бала күлкісімен, жетістіктерімен және шын көңілден шыққан алғыс сөздерімен өздеріңізге еселеніп қайтсын!
Біз сіздердің еңбектеріңізді, адалдықтарыңызды және кең жүректеріңізді жоғары бағалаймыз!
