Күзгі демалыс кезінде Мұхтар Әуезов атындағы мектептің бастауыш сынып оқушылары уақыттарын тиімді өткізіп, Оқушылар сарайында болды. Мұнда көшбасшылық пен қарым-қатынас дағдыларын дамытуға бағытталған жарқын әрі шабыттандыратын «Level Up: Лидерлік Upgrade» тренингі өтті.
Балалар демалып қана қоймай, өздерін таныстырудың заманауи тәсілдерін, топпен бірлесе жұмыс істеуді және тиімді қарым-қатынас орнатуды үйренді. Интерактивті тапсырмалар, миға шабуыл және рөлдік ойындар барысында қатысушылар сенімді сөйлеуге, өзгелерді ынталандыруға және ортақ іске жауапкершілікпен қарауға машықтанды.
Күзгі демалыс кезеңі — тұлғалық өсу, сергектік пен шығармашылық уақытына айналды! Әрбір қатысушы өз көшбасшылық қабілеттерін жетілдіріп, жаңа мектеп жобаларын жүзеге асыруға зор шабыт алды.
