Телефон доверия
625450
Адрес: Ткачев көшесі, 15
Call орталығы: 8(718)2-62-62-86
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Күзгі демалыс кезінде Мұхтар Әуезов атындағы мектептің бастауыш сынып оқушылары уақыттарын тиімді өткізіп, Оқушылар сарайында болды. Мұнда көшбасшылық пен қарым-қатынас дағдыларын дамытуға бағытталған жарқын әрі шабыттандыратын «Level Up: Лидерлік Upgrade
03-11-2025 11:50

Күзгі демалыс кезінде Мұхтар Әуезов атындағы мектептің бастауыш сынып оқушылары уақыттарын тиімді өткізіп, Оқушылар сарайында болды. Мұнда көшбасшылық пен қарым-қатынас дағдыларын дамытуға бағытталған жарқын әрі шабыттандыратын «Level Up: Лидерлік Upgrade» тренингі өтті.

Балалар демалып қана қоймай, өздерін таныстырудың заманауи тәсілдерін, топпен бірлесе жұмыс істеуді және тиімді қарым-қатынас орнатуды үйренді. Интерактивті тапсырмалар, миға шабуыл және рөлдік ойындар барысында қатысушылар сенімді сөйлеуге, өзгелерді ынталандыруға және ортақ іске жауапкершілікпен қарауға машықтанды.

Күзгі демалыс кезеңі — тұлғалық өсу, сергектік пен шығармашылық уақытына айналды! Әрбір қатысушы өз көшбасшылық қабілеттерін жетілдіріп, жаңа мектеп жобаларын жүзеге асыруға зор шабыт алды.