2025 жылдың 14 қарашасында 2–7 сынып оқушылары арасында «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңі өтті.
Біз зор қуанышпен хабарлаймыз, конкурс қорытындысы бойынша 3-орынға ие болғандар:
— 4«А» сынып оқушысы Ильясов Ермек,
— 5«Г» сынып оқушысы Мұрат Қорлан.
Жас дарындарымызды лайықты жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Олардың еңбегі, табандылығы мен ізденімпаздығы жоғары нәтижеге жеткізді.
«Зерде» конкурсының облыстық кезеңіне шәкірттерді дайындаған бастауыш сынып мұғалімдері Киашова И.Ж. мен Шарипова А.Т.-ға ерекше алғыс білдіреміз. Сіздің кәсібилігіңіз, қолдауыңыз және оқушыларға деген сеніміңіз жаңа жетістіктерге қанаттандырады!
Барлық қатысушыларға және ұстаздарға шығармашылық табыс, жаңа идеялар мен жарқын жеңістер тілейміз!
