Мұхтар Әуезов атындағы мектептің 10 «Г» сынып оқушысы Мороз Александраны құттықтаймыз! 14 қараша күні «Жігер» БЖШО-да Республика күніне арналған «Ақындар айтысы» қалалық байқауы өтті.
Мұхтар Әуезов атындағы мектептің 10 «Г» сынып оқушысы Мороз Александраны құттықтаймыз!
14 қараша күні «Жігер» БЖШО-да Республика күніне арналған «Ақындар айтысы» қалалық байқауы өтті. Александра мектебіміздің намысын абыроймен қорғап, талантын, көркем сөйлеу шеберлігін және шығармашылық көзқарасын танытып, үшінші орынға ие болды.
Педагог Ибраева А.А.-ға жүлдегерді дайындағаны және оқушының шығармашылық қабілеттерін дамытуға қосқан үлесі үшін ерекше алғыс білдіреміз.
Жарайсың! Біз сенің жетістіктеріңмен мақтанамыз!
