Сенім телефоны
625450
Мекенжайы: Ткачев көшесі, 15
Call орталығы: 8(718)2-62-62-86
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
27 қараша күні Мұхтар Әуезов атындағы мектепте ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының отырысы өтті.
01-12-2025 08:13
27 қараша күні Мұхтар Әуезов атындағы мектепте ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының отырысы өтті.

27 қараша күні Мұхтар Әуезов атындағы мектепте ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының отырысы өтті.

Кездесудің тақырыбы: «Ата-ана мен бала қарым-қатынасы: байланысты қалыптастыру және нығайту жолдары».

Мамандар отбасындағы эмоционалдық ахуалдың негізгі қырларын талқылады.
«Жанұя жылуы» жобасы аясында ТЖДО Мұқажан А.Қ. «Отбасында эмоционалдық жылулық атмосферасын қалыптастыру» тақырыбында баяндама жасап, отбасы құндылықтарын нығайту және сенімді қарым-қатынасты дамыту мәселелеріне тоқталды.

Мектептің педагог-психологы Балтабаева А.К. баланың дамуына эмоционалдық байланыстың маңызын түсіндіріп, ересектердің сенімі, қамқорлығы мен қолдауы басты рөл атқаратынын атап өтті.

Медициналық қызметкер Жумабаева С.А. «Отбасылық әл-ауқаттың бір бөлігі ретінде салауатты тамақтану» тақырыбында сөз сөйлеп, балалардың денсаулығы мен дұрыс дағдылары үшін теңгерімді тамақтанудың маңыздылығын түсіндірді.

Кездесу жылы және ашық атмосферада өтті: ата-аналар талқылауға белсенді қатысып, мамандардан пайдалы практикалық кеңестер алды.