Телефон доверия
625450
Адрес: Ткачев көшесі, 15
Call орталығы: 8(718)2-62-62-86
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
2025 жылдың 27 қарашасында Мұхтар Әуезов атындағы ЖОББМ алдыңғы қатарлы мұғалімдері «Дамытуға арнаған білім беру экожүйесін құру таланттары: мектепте мұкіндіктер кеңістігі» атты республикалық конференцияға қатысып, еліміздің түкпір-түкпірінен келген әріпт
01-12-2025 14:51
2025 жылдың 27 қарашасында Мұхтар Әуезов атындағы ЖОББМ алдыңғы қатарлы мұғалімдері «Дамытуға арнаған білім беру экожүйесін құру таланттары: мектепте мұкіндіктер кеңістігі» атты республикалық конференцияға қатысып, еліміздің түкпір-түкпірінен келген әріпт

2025 жылдың 27 қарашасында Мұхтар Әуезов атындағы ЖОББМ алдыңғы қатарлы мұғалімдері «Дамытуға арнаған білім беру экожүйесін құру таланттары: мектепте мұкіндіктер кеңістігі» атты республикалық конференцияға қатысып, еліміздің түкпір-түкпірінен келген әріптестеріне өз тәжірибелерін таныстырды. Шара Ақсу қаласындағы N8 мектепте өтті.

Конференция барысында мұғалімдер жоғары кәсіби шеберлік танытып, тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, өз жобаларының нәтижелерін ұсынып, қатысушыларды білім беру жүйесін одан әрі дамыту үшін идеялармен шабыттандырды.

Информатика пәнінің мұғалімі Р.Т. Садықов «Ұлттық байқауларға қатысу үшін оқушылардың цифрлық және робототехника дағдыларын дамыту» тақырыбында заманауи IT құзыреттіліктерін дамытудың практикалық тәсілдерін ұсынып, шеберлік сыныбын өткізді.

Информатика пәнінің мұғалімі З.Ш. Эргашова және биология пәнінің мұғалімі Е.В. Иванова «Гипотезадан цифрлық өнімге дейін: «Өсімдіктердің өсуін талдау үшін композициялық агент негізіндегі үлгіні әзірлеу» жобасының кейс-стадисында информатика мен биологияны біріктірудің технологиялары мен әдістері» бірлескен пәнаралық жобасын ұсынды. Олардың жұмысы пәндік салалардың жоғары сапалы ғылыми және практикалық интеграциясының үлгісі болды.

Ұстаздарымызға жоғары кәсіпқойлығы, бастамашылдығы, мектептің дамуына зор үлес қосқаны үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.