Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-қимыл. Бүгін Мұхтар Әуезов атындағы мектепте Қызғылт сары күн өтті — бұл үміттің, қолдаудың және бірліктің күні.
Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-қимыл.
Бүгін Мұхтар Әуезов атындағы мектепте Қызғылт сары күн өтті — бұл үміттің, қолдаудың және бірліктің күні.
Мектеп жатақханасы ашық қызғылт сары түске боялып, оқушылар мен мұғалімдер ленталар тағып, шарлар ұстап, бір-біріне жылы күлкі сыйлады. Әрбір белгі маңызды ойды жеткізді: зорлық-зомбылыққа өмірде орын жоқ!
Қызғылт сары лента — бірліктің нышаны, ал шар — әр адамның өзін қауіпсіз әрі еркін сезінетін жарық болашағының белгісі.
Мұндай іс-шаралар балаларды жанашырлыққа, құрметке және бір-бірін қолдауға үйретеді.
Белсенділік танытқан барлық оқушылар мен ұстаздарға шын жүректен алғыс айтамыз.
Осы 16 күн — мейірім мен саналы әрекеттің уақыты болсын.
