Мұхтар Әуезов атындағы мектептің оқушыларын қалалық «Ең үздік мектеп парламенті» конкурсында 1 орын алғанымен шын жүректен құттықтаймыз!
Мұхтар Әуезов атындағы мектептің оқушыларын қалалық «Ең үздік мектеп парламенті» конкурсында 1 орын алғанымен шын жүректен құттықтаймыз!
Оқушылар мектеп өзін-өзі басқарудың ең жарқын сәттерін таныстырып, маңызды жұмыстарын көрсетті: мектеп ішіндегі іс-шараларды ұйымдастыру, әлеуметтік бастамалар, мектеп өмірін жақсартуға арналған жобалар және оқушылардың шешім қабылдау процесіне белсенді қатысуы.
Мектеп парламентіне жаңа жобаларды жүзеге асыруда сәттілік, барлық жоспарларды іске асыру және мектептің дамуына, әрбір оқушының азаматтық белсенділігін қалыптастыруға үлес қосатын жаңа идеялар тілейміз!
