Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
625450
Мекенжайы: Ткачев көшесі, 15
Call орталығы: 8(718)2-62-62-86
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Мұхтар Әуезов атындағы мектептің 8-сынып оқушылары ҚТЖ депосына танымдық экскурсия жасап қайтты. Экскурсия барысында балалар темір жолдың жұмыс процесімен танысып, пойыздарға техникалық қызмет көрсету кезеңдерін өз көздерімен көрді.
15-12-2025 08:06

Оқушыларға локомотивтің ішкі құрылымы, диагностикалық құрылғылардың жұмысы және пойыздарды жолға дайындау үдерісі көрсетілді. Мамандар локомотивтің тораптары мен механизмдерін қалай тексеретінін, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қандай жұмыстар атқарылатынын түсіндірді. Балалар машинистер мен техник мамандардың өзара әрекетін бақылап, теміржол саласында қолданылатын заманауи құрал-жабдықтармен танысты.

Бұл экскурсия оқушылардың темір жол саласына деген қызығушылығын арттырып, жауапты мамандықтардың маңызын тереңірек түсінуге көмектесті.