2025 жылдың 12 желтоқсанында мектептің спорт залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Ел бірлігі – жеңіс кепілі» атты 6–7-сынып оқушылары арасындағы жарыс өтті. Іс-шара ұлттық ойындарды насихаттауға және ұлттық дәстүрлерге құрмет сезімін тәрбиелеуге бағытталды.
Жарысқа 6–7-сыныптардан құралған командалар қатысты. Әр команда төрт оқушыдан тұрды.
Бағдарламаға «Таяқ тартыс», «Асық ату», «Хан-талай», «Арқан тартыс» ойындары енгізілді. Жарыстар ережелерге сәйкес, дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің жетекшілігімен өткізілді.
Іс-шара қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар анықталды. 1–3 орын алған қатысушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Іс-шара жоғары деңгейде, спорттық бәсекелестік пен ұлттық дәстүрлерге құрмет рухында өтті.
