Телефон доверия
625450
Адрес: Ткачев көшесі, 15
Call орталығы: 8(718)2-62-62-86
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
2025 жылдың 12 желтоқсанында мектептің спорт залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Ел бірлігі – жеңіс кепілі» атты 6–7-сынып оқушылары арасындағы жарыс өтті. Іс-шара ұлттық ойындарды насихаттауға және ұлттық дәстүрлерге құрмет сез
15-12-2025 08:08

2025 жылдың 12 желтоқсанында мектептің спорт залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Ел бірлігі – жеңіс кепілі» атты 6–7-сынып оқушылары арасындағы жарыс өтті. Іс-шара ұлттық ойындарды насихаттауға және ұлттық дәстүрлерге құрмет сезімін тәрбиелеуге бағытталды.

Жарысқа 6–7-сыныптардан құралған командалар қатысты. Әр команда төрт оқушыдан тұрды.
Бағдарламаға «Таяқ тартыс», «Асық ату», «Хан-талай», «Арқан тартыс» ойындары енгізілді. Жарыстар ережелерге сәйкес, дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің жетекшілігімен өткізілді.

Іс-шара қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар анықталды. 1–3 орын алған қатысушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Іс-шара жоғары деңгейде, спорттық бәсекелестік пен ұлттық дәстүрлерге құрмет рухында өтті.