Сенім телефоны
625450
Мекенжайы: Ткачев көшесі, 15
Call орталығы: 8(718)2-62-62-86
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Мұхтар Әуезов атындағы мектепте тарих пәні апталығы өз бастауын алды! Таң сәріден-ақ оқушыларды ерекше жылы әрі мерекелік көңіл күй қарсы алды.
17-12-2025 16:54
Мұхтар Әуезов атындағы мектепте тарих пәні апталығы өз бастауын алды!  Таң сәріден-ақ оқушыларды ерекше жылы әрі мерекелік көңіл күй қарсы алды.

Мұхтар Әуезов атындағы мектепте тарих пәні апталығы өз бастауын алды!

Таң сәріден-ақ оқушыларды ерекше жылы әрі мерекелік көңіл күй қарсы алды. Мектеп кіреберісінде оқушыларға қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылды — хош иісті бауырсақтар, тәттілер мен дәстүрлі дәмдер қонақжайлықтың, ұлттық мәдениет пен тарихи мұраға деген құрметтің айқын көрінісі болды.

Оқушылар үшін интеллектуалдық алаңдар ұйымдастырылып, әрқайсысы өз білімін сынап, қабілетін көрсетуге мүмкіндік алды. Оқушылар тарих бойынша қойылған сұрақтарға қызығушылықпен жауап беріп, ой бөлісіп, пікірталасқа түсіп, өздерінің білімін, зеректігін және шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

Пән апталығының ашылуы акті залында жалғасын тапты. Мұнда оқушылар мен педагогтер Қазақстан тарихының әртүрлі кезеңдеріндегі маңызды тарихи белестерді таныстырды. Сахналық қойылымдар, презентациялар мен шығармашылық нөмірлер арқылы көне дәуірден бастап көшпелілер кезеңі мен тәуелсіз Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғаларға дейінгі өткеннің жарқын беттері қайта жаңғырды. Зал патриоттық рухқа, ата-бабаларға деген құрмет пен өз елінің тарихына деген мақтаныш сезіміне бөленді.

Апта барысында оқушыларды танымдық әрі мазмұнды іс-шаралар күтіп тұр. Баршаңызды белсенді қатысуға шақырамыз!